«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары» (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 323 бұйрығына 2-қосымша) (2026.12.07. берілген өзгерістермен)

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026.05.05. № 228 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрінің

2020 жылғы 30 мамырдағы

№ 323 бұйрығына

2-қосымша

 

 

«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу»

мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары

(2026.12.07. берілген өзгерістермен)


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлауға және өндіруге, кен іздеуге жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлесті) тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

3. Қағидалар жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) қолданылады.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.