Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 2 маусымдағы
№ 130 бұйрығына
4-қосымша
Осы редакция 2022 жылғы 22 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021.20.08. № 337 бұйрығымен 4-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
(2021.20.08. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі - портал);
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал немесе мемлекеттік қызметті берушінің кеңсесі арқылы Көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса беріп, осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті жолдайды.