«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 24 тамыздағы № 593 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 24 тамыздағы № 593 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2. Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасы

ішкі істер министрі

 

Е. Саденов

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрі

2026 жылғы 24 тамыздағы

№ 593 бұйрығына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

 

1. «Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 313 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13694 болып тіркелген);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.