«Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 287 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 322 бұйрығы (күші жойылды)

 «Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 287 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 322 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 514 бұйрығымен күшi жойылды

 

 БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16568 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 206-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қарыздар тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру қағидаларында:

4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ұлттық жобаларда және (немесе) үкіметтік бағдарламаларда институционалдық жобалардың болуы;»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган институционалдық жобаның ҚЭҚ-ын институционалдық жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан 30 (отыз) жұмыс күні ішінде қарайды.»;

27-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның институционалдық жобаның Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігі тұрғысынан келісу-хаты;»;

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.