«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 147 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу және міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 300 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11785 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
Осы бұйрықпен тіркелген «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
«12. Нотариат куәландырмаған мәміленің негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды қабылдау және тіркеу кезінде мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын тараптар әрекеттерінің сипаттамасы осы регламентке 5-қосымшаға мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі бизнес-процестердің өзара іс-қимыл анықтамалығында және осы регламентке 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі бизнес-процестердің анықтамалығында көрсетілген.»;
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: