«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 2026 жылғы 19 маусымдағы № 171-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 2026 жылғы 19 маусымдағы № 171-НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 36-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары (бұдан әрі - Даму жоспары) бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-ші күнінен кешіктірмей, жобалық басқаруды мониторингілеу үшін («Битрикс» ақпараттық жүйесінде) 2026-2030 жылдарға арналған Министрліктің инвестициялық жоспарының орындалуы деректерінің негізінде Министрліктің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментіне Даму жоспарының іске асырылуы туралы ақпарат берсін.

4. Министрліктің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті осы бұйрықты бекітілгеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей Министрліктің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы

Ш. Ақпарова

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

 

 

 

Согласовано

08.06.2026 09:01 Шаханова Бекзада Сейтахметовна

08.06.2026 10:33 Абдрахимов Нурболат Ергазыевич

08.06.2026 19:43 Компаниец Сергей Евгеньевич

09.06.2026 12:14 Дуйсенбаева Фариза Сансызбаевна

09.06.2026 15:16 Жолманов Айдос Сағатұлы

09.06.2026 16:34 Акпарова Шынар Куанышовна

10.06.2026 17:06 Шарабасов Жайык Сериккалиевич

11.06.2026 15:06 Мелдебекова Майра Турганбаевна

Подписано

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.