Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметіне қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығы
(2026.17.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2026 жылғы 13 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2026 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023.30.03. № 192 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 3 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.12.05. № 280 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023.30.03. № 192 бұйрығымен (2023 ж. 3 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Көлік министрінің 2026.11.06. № 144 бұйрығымен (2026 ж. 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-53) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023.30.03. № 192 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 3 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметіне қойылатын сертификаттық талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):