«Қылмыстық-құқықтық саладағы сот статистикалық есептерінің, электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 84 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 3 бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 2 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қылмыстық-құқықтық саладағы сот статистикалық есептерінің, электрондық ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 84 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13776 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 21 маусымында жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 6)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:»;
аталған бұйрықпен бекітілген «Қылмыстық істерді қарау жөніндегі бірінші сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп» № 1 нысаны осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген «Қылмыстық істерді қарау жөніндегі апелляциялық сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп» № 6 нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген «Қылмыстық істерді қарау жөніндегі кассациялық сатыдағы соттардың жұмысы туралы есеп» № 6-К нысанында:
Г және Д кестелері осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген «Соттардың жеке айыптау істері бойынша шағымдарды қарауы туралы есеп» № 2-Ж нысаны, осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;