«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 19 қазандағы № 936 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:
12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер Министрлікке заңдармен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кiрiс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жiберiледi.»;
14-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың бірлескен актілері негізінде олармен келісу бойынша басқа мемлекеттік органдармен, коммерциялық емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;»;
26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
44), 45), 46) және 47) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«44) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;