Жануарларға арналған панажайлардың, сондай-ақ жануарларды уақытша ұстау пункттерінің қызметі мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 173 бұйрығы
(2026.15.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.26.08. № 175 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2026.26.08. № 175 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Жануарларға арналған панажайлардың, сондай- ақ жануарларды уақытша ұстау пункттерінің қызметі мен оларды есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі |
С. Брекешев |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі