8. COVID-19 жағдайымен жақын байланыста болғандар арасындағы COVID-19-ға зерттеуді жүзеге асыратын зертханалардың қызметкерлері COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде байланыс анықталғаннан бастап 1-күні COVID-19-ға ПТР әдісімен тексеріледі. ПТР әдісімен жүргізілген COVID-19-ға хертханалық тексеру қорытындысы теріс болған жағдайда инфекциялық қауіпсіздік және ЖҚҚ қолдану талаптарын қатаң сақтай отырып, өздерінің лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады.
9. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура жоғарылаған кезде медицина қызметкері немесе кіші медицина персоналы медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді және дереу оқшауланады және инфекциялық стационарға орналастырылады.
10. Инфекциялық емес бейіндегі стационарларда COVID-19 тіркелген кезде медицина қызметкерлерін оқшаулау және бақылау принципі осы қосымшаның 6,7 және 8-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
11. COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары медицина қызметкерлері осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға тестілеуден өтуі тиіс.
12. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «таза» және «лас» аймақтарға бөлінеді.
13. Барлық медициналық ұйымдарда пациенттермен жұмыс істеу кезінде «таза» және «лас» аймақтардың персоналы арасында байланыссыз өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қажет.
14. Лас аймақта персонал осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-да тұрақты жұмыс істейді.
15. Әрбір ауысым басқа ауысымнан оқшаулауда ұсталады. Бұл іс-шара әр түрлі ауысымдарда медицина қызметкерлерін жұқтырудың алдын алуға, қызметкерлердің ауруханаішілік инфекцияның таралуының алдын алуға, сондай-ақ оның халық арасында таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.
16. Қажет болған жағдайда, арнайы мамандармен пациенттерге консультация беру және қарау барынша қашықтықтан жүргізілуі қажет.
17. Қабылдау бөлімінде келіп түсетін науқастардан зертханалық зерттеу үшін материал алынады.
18. Пациентті қабылдағаннан кейін үстіңгі беткейлерді - үстел, қалқа, кушетка, орындықтар, есік тұтқалары, жиһаз заттары және пациентпен тікелей байланыста болған медициналық мақсаттағы бұйымдарды өңдеу жүзеге асырылады.
19. Науқастарға арналған бөлімшеде науқастарды қабылдау мерзімдері, клиникалық нысандары және аурудың ауырлық дәрежесі бойынша бөлек орналастыру үшін палаталар көзделуі тиіс.
20. Аурухана төсектері бір-бірінен кемінде 1 м қашықтықта орналастырылады.
21. Инфекциялық аурулар стационарында палаталық бөлімшенің негізгі құрылымдық бірлігі палата емес, бокс, жартылай бокс немесе боксталған палата болуы мүмкін. Бокстарда науқастарды толық оқшаулау қарастырылған, олар 1-2 төсекке жоспарланады.
22. Науқас шығарғанға дейін бокста болады және одан тамбурмен сыртқы шығу жолы арқылы шығады (бар болса). Персонал арнайы киімді ауыстыру, қолды жуу және дезинфекциялау жүргізілетін шлюз арқылы инфекциялық емес дәлізден бокстарға кіреді.
23. Жартылай бокстарда бокстарға қарағанда, сыртқы шығу жолы болмайды. Жартылай боксталған бөлімшенің режимі науқастардың санитариялық өткізгіштер арқылы бөлімшенің жалпы дәлізінен жартылай бокстарға түсетіндігімен ерекшеленеді.
24. Күнделікті мұқият ағымдық дезинфекция жүргізіледі, науқастарды шығарғаннан кейін - қорытынды дезинфекция жүргізіледі.
25. Науқастарға арналған тамақ «таза» блоктың кіретін асүй ыдысына жеткізіледі және онда асүй ыдысынан буфет госпитальінің ыдысына салынады. Буфет тамағына бөлімше ыдысына салынады және үлестіру бөлімшесіне жіберіледі, онда порциялар бойынша бөлінеді және палаталар бойынша таратылады. Бөлімшеге тамақ келіп түскен ыдыс зарарсыздандырылады, содан кейін ыдысы бар сыйымдылық буфеттік ыдысқа беріледі, онда оны жуады және келесі таратқанға дейін сақтайды. Тарату орны тамақ қалдықтарын зарарсыздандыру үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталады. Жеке ыдыс әрбір тамақ ішкеннен кейін зарарсыздандырылады.
26. Қызметкерлерге жұмыс істеген уақыттан кейін лас аймаққа қайта кіруге тыйым салынады.
27. Лас аймаққа медициналық бұйымдарды, дәрі-дәрмектерді, қан препараттарын, құрал-саймандарды, іш киімдерді, пациенттерге арналған тамақ құжаттарын және т. б. жеткізуге жауапты қызметкерлерді анықтау қажет.
28. Дәрі-дәрмектерді, емделушілерге тамақтануды және басқа да заттарды «лас» аймаққа беру ең аз инфекциялық қауіп-қатермен жүзеге асырылады. Берілетін заттарды «таза» аймақтың қызметкері шлюз үстелінде қалдырады және есікті таза жағынан жабады. Шлюзді таза аймақтан жапқаннан кейін «лас» аймақтың қызметкері шлюз есігін лас жағынан ашады, заттарды алады және есікті жабады.
29. «Лас» аймақтан шығарылатындардың барлығы вирустық инфекция режимі бойынша дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңделеді.
30. Зарарсыздандырылған медициналық қалдықтар медициналық қалдықтармен жұмыс істеуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес кәдеге жаратылады.
31. Жалпы кәрізге ағызар алдында сарқынды суларды алдын ала зарарсыздандыру үшін кәріздік септик болуы қажет.
32. COVID-19-ға күдікті науқастарды тасымалдауды мынадай қауіпсіздік талаптары сақталған жағдайда жүзеге асыру қажет:
1) СОVID-19 жаңа коронавирустық инфекцияға күдікті пациентке шақыруды орындайтын жедел медициналық жәрдем бригадасының медицина қызметкерлері шығар алдында тікелей жеке қорғаныш құралдарын киеді. Жеке қорғаныш құралдары әр науқастан кейін ауыстырылады;
2) жедел медициналық жәрдем бригадасының жүргізушісі жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі;
3) салон COVID-19 жаңа коронавирустық инфекцияға күдікті пациенттің биологиялық материалымен ластанған жағдайда, ластану орындары дереу зарарсыздандырылады;
4) жедел медициналық жәрдем бригадаларының жүргізушісі мен медицина қызметкерлері пациентті медициналық ұйымға бергеннен кейін белгіленген орындарда аяқ киімді, қолды жеке қорғаныш құралдарын дезинфекциялауға міндетті;
5) COVID-19 жаңа коронавирустық инфекцияға күдікті пациентті медициналық ұйымға медициналық эвакуациялау аяқталғаннан кейін жедел медициналық жәрдем автомобилі және медициналық эвакуация кезінде пайдаланылған заттар арнайы жабдықталған алаңда арнайы медициналық ұйымның аумағында дезинфекторлардың күшімен зарарсыздандырылады;
6) жедел медициналық жәрдем автомобилінің салонына дезинфекция жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, медициналық ұйым аумағында дезинфекторлардың күшімен дезинфекцияны жедел медициналық жәрдем бригадасының жүргізушісі және медицина қызметкерлері жүргізеді;
7) жедел медициналық жәрдем автомобилінің салонында дезинфекциялау салонының барлық беткейлеріне, оның ішінде медициналық бұйымдардың беткейлеріне жүргізіледі;
8) беткейлерді өңдеу дезинфекциялық ерітіндіге батырылған шүберекпен немесе дезинфекциялық ерітіндіні бүрку жолымен суландыру тәсілімен жүргізіледі;
9) экспозициядан кейін дезинфекциялық ерітіндіні таза сумен жуады, кейіннен дезинфектант иісі жойылғанға дейін желдетіле отырып, құрғақ шүберекпен сүртеді;
10) медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланылған бір рет қолданылатын жеке қорғаныш құралдары, жинау шүберектері пакеттерге жиналады және медициналық ұйымның аумағындағы В сыныбының қалдықтарына арналған арнайы контейнерлерге салады;
11) жедел медициналық жәрдемнің мамандандырылған көшпелі бригадасының жүргізушісі мен медицина қызметкерлері шақыруды орындағаннан кейін дененің ашық жерлерін тері антисептигімен сүртуді қамтитын санитариялық өңдеуден өтуге міндетті;
12) медициналық авиация желісі бойынша қолданылатын әуе кемесімен covid-19-ға күдікті пациентті эвакуациялау кезінде эвакуациялау аяқталғаннан кейін әуе кемесінің салоны мен пайдаланылған заттар дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып зарарсыздандыруға жатады.
ІІ. Барлық медициналық ұйымдардағы инфекциялық қауіпсіздік
33. Денсаулық сақтау ұйымдарында:
1) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қорғау деңгейі бар ЖҚҚ;
2) санитариялық тораптарды сұйық сабынды дозаторлармен, электр кептіргіштермен немесе бір рет қолданылатын қағаз сулықтармен, пайдаланылған маскалар мен сулықтарды жинауға арналған педальмен жабдықталған қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз ету;
3) антисептиктердің, дезинфекциялық құралдардың жеткілікті санымен қамтамасыз ету;
4) барлық үй-жайларды үнемі желдету, адамдар болғанда ауаны зарарсыздандыруды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы құрылғыларды пайдалану;
5) санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қажет.
34. Респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері ықтимал жұқтырғандар (инфекция көзі) ретінде қарастыруы тиіс. Осы қаулыға 3- қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалану керек.
35. Медицина қызметкерлеріне күн сайын сұрау және дене температурасын өлшеу арқылы бөлімшенің жауапты медицина қызметкері бақылау журналына тіркей отырып, күніне 2 рет тұрақты медициналық бақылау белгіленеді.
36. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура жоғарылаған кезде медицина қызметкері немесе медициналық ұйымның кез келген басқа қызметкері медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді, дереу оқшауланады, COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді.
37. Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда медицина қызметкерлерінің стационар бөлімшелерінде қозғалысын шектеу қажет.
38. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда аумақта және ғимаратта сүзгіге тиісті көрсеткіштермен кіреберісте сұрыптауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажет. СОVID-19-ға ұқсас белгілері бар пациент анықталған кезде оны арнайы бөлінген бөлмеге оқшаулауды қамтамасыз ету және жедел медициналық жәрдемді шақыру қажет.
39. Медицина қызметкерлері демалыстан, іссапардан, ауруына байланысты жұмыс орнында болмағаннан кейін, медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің студенттері медициналық ұйымдарда практиканы бастау алдында медициналық ұйымға нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжат болған кезде жіберіледі.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
35-қосымша
COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған
адамдар үшін оқшаулау тәртібі
І. COVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болған адамдарды оқшаулау тәртібі
1. COVID-19 пациентімен жақын байланыста болған адамдарда CОVID-19-ды жұқтыру тәуекелі жоғары болады.
COVID-19 расталған жағдайының жақын байланысы:
- COVID-19 жағдайымен бір тұрғын үйде бірге тұратын адам;
- COVID-19 науқасымен немесе COVID-19 жағдайының инфекциялық бөлінділерімен қорғалмаған тікелей байланыста болған адам (мысалы, жөтелу, қол алысу кезінде және т.б.);
- ЖҚҚ (қорғаныш маскасын) пайдаланбай жабық үй-жайда болған адам (мысалы, сыныпта, жиналыс бөлмесінде, ауруханада күту бөлмесінде және т. б.) COVID-19 жағдайымен бірге 15 минут немесе одан көп уақыт ішінде 1,5 метрден кем қашықтықта болған адам;
- COVID-19 жағдайына тікелей күтімді қамтамасыз ететін медицина қызметкері немесе басқа да адам немесе ұсынылған ЖҚҚ-сыз не ЖҚҚ-ны қолдануды бұзу мүмкіндігімен COVID-19 жағдайының биоүлгілерімен жұмыс істеген зертхана мамандары;
- ұшақта, қалааралық қатынастағы автобуста, поезда, COVID-19 жағдайынан кез келген бағытта екі орындық қашықтықта болған байланыста болған адам, сондай-ақ COVID-19 науқасы ұшқан ұшақтың секциясына қызмет көрсеткен экипаж мүшелері ретінде айқындалады.
Жақын байланыста болғандарды анықтау үшін эпидемиологиялық байланыстарды тергеп-тексеру кезеңі COVID-19 жағдайы анықталғанға дейін 14 тәулік бұрын басталуы және COVID-19 жағдайын оқшаулау сәтімен аяқталуы тиіс.
2. COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдарға қатысты шаралар (жақын байланыс):
1) COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болмаған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) 14 күнге үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады.
Оқшаулаудың 3-ші және 12-ші күндерінде ПТР әдісімен COVID-19-ға байланыста болған адамды (жақын байланыс) зертханалық тексеру үшін сынама алу жүргізіледі. Оқшаулаудың 12-күнінде алынған ПТР-зерттеудің нәтижесі теріс болған жағдайда 14 күн өткеннен кейін карантин мен оқшаулау аяқталады. Оқшаулаудың 14-ші күнінде ПТР-зерттеудің оң нәтижесі болған кезде, клиникалық симптомдар болмаған кезде МСАК маманы COVID-19-дың профилактика шараларын сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар береді (медициналық масканы, антисептиктерді пайдалану, қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтық).
2) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар (жақын байланыс) МСАК маманының медициналық тексеруіне жатады. COVID-19 белгілері болмаған кезде байланыста болған адамдар үй карантиніне оқшауланбайды, COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілмейді, МСАК маманы күн сайын 14 күн бойы телефон арқылы байланыста болған адамнан оның денсаулық жағдайын (дене температурасы, ауру белгілерінің болуы) нақтылайды. Аурудың белгілері пайда болған кезде байланыста болған адам ПТР-тест нәтижелерін алғанға дейін ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруге және үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. COVID-19 диагнозы расталған кезде МСАК маманы COVID-19 науқасына Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді
4. Симптомсыз вирус тасымалдаушылық кезінде пациент осы қаулыға 36-қосымшаға сәйкес оқшаулау жағдайлары болған кезде COVID-19 науқаспен соңғы байланыста болған сәттен бастап 14 күнге амбулаториялық жағдайда медициналық бақылауға және үйде оқшаулауға (үй карантині) жатады. Бекітілген алгоритмге сәйкес тәуекел факторлары болған және үйде оқшаулау үшін жағдайлар болмаған кезде емдеуге жатқызу туралы шешімді МСАК маманы әрбір жағдайда жеке қабылдайды.
Учаскелік терапевт күн сайын коронавирустық инфекцияның клиникалық симптомдарының болуына үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыға қоңырау шалуға міндетті.
COVID-19 науқастарымен соңғы байланыста болған сәттен бастап 14 күн ішінде клиникалық симптомдар болмаған жағдайда карантин аяқталады.
Карантин аяқталған кезде МСАК маманы симптомсыз вирус тасымалдаушыға COVID-19 профилактика шараларын сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар береді (медициналық масканы, антисептиктерді пайдалану, қол гигиенасы, әлеуметтік қашықтық).
Үй карантиніндегі симптомсыз вирус тасымалдаушыда аурудың клиникалық белгілері пайда болған кезде (дене температурасының 38 градусқа дейін және одан жоғары көтерілуі, тамақтың жыбырлауы және/немесе ауыруы, әлсіздік, жөтел, бас ауыруы, ентігу, тыныс алудың қиындауы және коронавирустық инфекцияның басқа да симптомдары) учаскелік терапевт COVID-19-бен ауыратын науқасқа Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама береді.
Жедел хабарлама келіп түскен Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі осы COVID-19-бен ауыратын науқасты тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, оны симптомсыз вирус тасымалдаушылардың есебінен алып тастайды, сондай-ақ симптомсыз вирус тасымалдау жағдайларының манифестік нысандарға (симптомдары бар жағдайлар) көшуінің жеке статистикасын жүргізеді.
COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған адамның және шетелден Қазақстан Республикасына авиарейстермен келген адамның қолхаты
Елді мекен ________________ 20__ жылғы «___» ______
Мен ______________________________________, ЖСН: _________________,
(Т.А.Ә. (бар болған кезде)
__ __ __ жылы ҚР ІІМ/ӘМ берген № _________________төлқұжат/жеке куәлік, ____________________________ мекенжайында тіркелгенмін, нақты ___________________________________ мекенжайында тұрамын. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20__ жылғы _________№ ___- ПГВР қаулысымен бекітілген COVID-19 эпидемиялық тәуекелі жоғары адам ретінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша міндеттемелерді өзіме қабылдаймын. Дербес деректерді өңдеуге келісім беремін.
Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде температурасы немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабардар етіп және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа дереу жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру екендігі туралы хабардар етілдім.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз құзыреті шегінде заңды талаптарын немесе қаулыларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылықтың болуы туралы хабардар етілдім.
ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәліметтерді, ақпаратты беруден бас тарту не дәйексіз ақпарат беруден бас тарту түріндегі кедергі келтіруге тыйым салу туралы хабардар етілдім.
Сондай-ақ, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бар екендігі туралы хабардар етілдім.
Күні:_________Қолы___________».
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
36-қосымша
Үйде оқшаулау (үй карантині) жағдайлары
Үй карантинінің мақсаты - аурудың ықтимал көзінен COVID-19-ды ықтимал жұқтырудың алдын алу және осылайша Қазақстанның аумағында коронавирустың таралуын болдырмау.
Үй карантинін ұйымдастыру үшін тұру жағдайларына қойылатын талаптар:
Үй карантині мынадай талаптар/жағдайлар сақталған кезде болуы мүмкін:
1. Байланыста болған адам(дар) көршілерден (басқа отбасы мүшелерінен) оқшаулана алатын жеке пәтер (жеке дәретханасы бар жеке бөлме) бар.
2. Байланыста болған адам және отбасының/үй шаруашылығының басқа мүшелері жеке қорғаныш құралдарына (медициналық маскалар, қолғаптар) қол жеткізе алады және сақтық шараларын (қолды сабынмен жиі жуу, ылғалды жинау жүргізу, үй-жайды желдету) сақтауға қабілетті.
3. Үй шаруашылығында COVID-19 инфекциясынан кейін асқыну қаупі жоғары (60 жастан асқан адамдар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіз немесе жүректің, өкпенің немесе бүйректің созылмалы аурулары бар адамдар) адамдар жоқ.
4. Стационарлық телефонға немесе ұялы байланысқа қолжетімділік бар.
5. Үй карантинін сақтау жағдайларын міндетті орындау туралы қол қойылған қолхаттың болуы.
6. Адам үй карантині режимін сақтау жөнінде өзіне міндеттеме алады және қолхатта жеке қол қоюымен растайды. Үй карантині режимін бұзған адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Үй карантиніндегі адамға арналған нұсқаулықтар
1. Үйден шықпау.
2. Түшкіру немесе жөтелу кезінде ауызды және мұрынды, вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын сулықпен жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды спирт негізінде антисептикпен өңдеу керек. Үнемі тығыз жататын медициналық масканы кию және оны әр 2 сағат сайын ауыстыру керек.
3. Тамақтану алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу немесе спирт негізіндегі антисептикпен өңдеу керек. Қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды пайдаланған дұрыс.
4. Жеке ыдысты пайдалану қажет.
5. Температура немесе әлсіздену белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабарлап және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа жүгіну немесе жедел жәрдемге қоңырау шалу қажет.
Үй карантині қамтамасыз етілетін үй шаруашылығы мүшелеріне арналған нұсқаулықтар
Мыналар ұсынылады:
1. Үйге бөгде адамдардың келуін болдырмау.
2. Карантин бөлмесіне кіру кезінде ауыз бен мұрынды тығыз жабатын медициналық маска кию қажет. Егер маска ылғалданған немесе ластанған болса, оны дереу жаңа медициналық маскамен ауыстыру қажет. Медициналық масканы тиісті техниканы пайдалана отырып, яғни оның алдыңғы бөлігін ұстамай шешу.
3. Күн сайын отбасының әрбір мүшесіның дене температурасын күніне кемінде 2 рет өлшеу керек.
4. Үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету.
5. Күн сайын ылғалды жинау.
6. Қолды сабынмен жиі жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу, қолды сүрту үшін бір рет қолданылатын сулықтарды қолданған жөн.
7. Әрбір отбасы мүшесіне жеке ыдыс-аяқты, жеке гигиена құралдарын пайдалану.
8. Түшкіру немесе жөтелу кезінде ауызды және мұрынды, вирустың таралуын болдырмау үшін бір рет қолданылатын сулықпен жабыңыз. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе оларды антисептикпен өңдеу керек.
9. Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде дене температурасы немесе сырқаттану белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабарлап және жүгіну себебін көрсете отырып, дереу COVID-19 бойынша колл-орталығына жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру.
Үй карантинін сақтау шарттарының міндетті түрде
орындау туралы қолхат
Елді мекен ________________ 2020 жылғы «___» ______
Мен ______________________________________, ЖСН: _________________,
(Т.А.Ә. (бар болған кезде)
__ __ ____ жылы ҚР ІІМ/ӘМ берген № _________________төлқұжат/жеке куәлік, ____________________________ мекенжайында тіркелгенмін, нақты ___________________________________ мекенжайында тұрамын. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы _________№ ___- ПГВР қаулысының ___ қосымшасымен бекітілген COVID-19 эпидемиялық тәуекелі жоғары адам ретінде үйде оқшаулау (үй карантині) қағидаларын сақтау бойынша міндеттемелерді өзіме қабылдаймын. Дербес деректерді өңдеуге келісім беремін.
Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде температурасы немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде карантин туралы хабардар етіп және жүгіну себебін көрсете отырып, COVID-19 бойынша колл-орталыққа дереу жүгіну немесе жедел жәрдем шақыру екендігі туралы хабардар етілдім.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өз құзыреті шегінде заңды талаптарын немесе қаулыларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылықтың болуы туралы хабардар етілдім.
ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік жауапкершіліктің болуы туралы, мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің құзыретіне сәйкес қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажетті құжаттарды, материалдарды, статистикалық және өзге де мәліметтерді, ақпаратты беруден бас тарту не дәйексіз ақпарат беруден бас тарту түріндегі кедергі келтіруге тыйым салу туралы хабардар етілдім.
Сондай-ақ, 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабына сәйкес билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылықты қолданғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың бар екендігі туралы хабардар етілдім.
Күні:_________
Қолы____________
Үй карантинінде болуды қашықтықтан мониторингтеуді қамтамасыз ету
Мониторингті қамтамасыз ету үшін:
1. Үй карантиніндегі адамға смартфонына Smart Astana мобильді қосымшасын орнату және қосымшаға барлық рұқсатты беру (GPS, WIFI, Bluetooth)
2. «Мен карантиндемін» режимін қосу және оны үй карантині режимінің қолданылған кезінде өшірмеу
3. Телефон үнемі қосылып тұруы және интернетке қосылған болуы тиіс
4. Мобильді қосымша белсенді болуы немесе фондық режимде жұмыс істеуі тиіс (қосымша қызметінің мәртебесін хабарламалардан немесе виджеттен тексеруге болады)
5. Үй карантині функциясын пайдалану кезінде пайдаланушы GPS, Bluetooth және WI FI режимін ажыратпауы тиіс.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 38 қаулысына
37-қосымша
COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында инфекция жұқтырған адамдардың және байланыста болған адамдардың деректерін өңдеу алгоритмі
1. COVID-19 тіркелген кезде мониторинг және тергеп-тексеру жүргізу мақсатында инфекция жұқтырған адамдардың және байланыста болған адамдарды тіркеу алдын ала сыныптауды пайдалана отырып жүргізіледі:
- Сырттан әкелінетін жағдайлар (әуерейстері, темір жол тасымалдары, авто);
- байланыста болу жағдайлары (инфекция жұқтырған адамдармен жақын байланыс санаттары арасында);
- жергілікті жағдай (инфекция жұқтырудың анықталмаған көздері), оның ішінде: