«Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №6-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысы

 «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №6-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21070 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында:

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің жобасын қалыптастыру кезінде:

1) мыналар:

Қазақстан Республикасы Президентінің және оның Әкімшілігінің тапсырмалары;

мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы халықаралық міндеттемелер;

жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше жүзеге асыратын мемлекеттік аудит объектілерінің тәуекелдерін бағалау нәтижелері;

әлеуметтік-экономикалық дамудың, соның ішінде мемлекеттік басқару және экономика салалары бөлінісіндегі статистикалық деректер қарауға және есепке алуға жатады;

2) мыналар:

кезекті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Жоғары аудиторлық палатаның есептерін қарау қорытындылары бойынша берілген Қазақстан Республикасы Парламентінің ұсынымдары;

кезекті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы және Тексеру комиссияларының есептерін қарау нәтижелері бойынша берілген тиісті мәслихаттардың ұсынымдары;

құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың ұсыныстары (ақпараты);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.