Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 573 бұйрығы
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 762 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12753 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 қаңтарда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесі:
мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:
«3. Қаптама, электр және электронды құрал-жабдық, сынапты шамдар, термометрлер, батареялар, пластмасса бұйымдары, импортталатын қаптамадағы тауарларқалдықтарын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастырғаны үшін төлемақыны есептеу
10. Қаптама, электр және электронды құрал-жабдық, сынапты шамдар, термометрлер, батареялар, пластмасса бұйымдары өндірушілер (импорттаушылар) үшін, сондай-ақ қаптамадағы тауарларды импорттаушылар үшін ағымдағы банк шотына енгізуге жататын төлемақы сомасын өндірушілер (импорттаушылар) өздігінен есептейді.
11. Қаптама, электр және электронды құрал-жабдық, сынапты шамдар, термометрлер, батареялар, пластмасса бұйымдарына, импортталатын қаптамадағы тауарларға қатысты төлемақыны есептеукелесі нұсқада жүргізіледі:
С0 = m * САЕК * 0