Осы редакция 2019 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қарағанды облысы әкімдігінің
2018 жылғы 3 мамырдағы
№ 20/02 қаулысына
2-қосымша
«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қарағанды облысы аудандарының және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің нәтижесі - Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11184 тіркелген) «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы облыстық маңызы бар қала немесе аудан әкімдігінің қаулысы немесе Стандарттың 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәледі жауап.