Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 20 тамыздағы № 325 бұйрығы
(2025.29.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Энергетика министрінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 289-н/қ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2023.31.03. № 128 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 70 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13463 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 наурызда жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 198 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15372 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Персоналды дамыту басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;