«Шымкент қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 9 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Шымкент қаласы әкімінің 2024 жылғы 13 тамыздағы № 2 шешiмi
Шымкент қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Шымкент қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 9 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1-қосымшада:
№ 68, № 172, № 213, № 214, № 221, № 235, № 236, № 262, № 284, № 294, № 308 және № 324 сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес өзгертілсін;
Абай ауданы осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес жаңадан ашылған № 342, № 343, № 344 және № 345 сайлау учаскелерімен толықтырылсын.
2. «Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласының әкімі | Г. Сыздыкбеков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Шымкент қалалық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Қ. Құнанбаев
«06» тамыз 2024 жыл
2024 жылғы 13 тамыздағы
№ 2 шешіміне
1-қосымша
Шымкент қаласы әкімінің
2018 жылғы 14 қарашадағы
№ 9 шешіміне
1-қосымша
Орналасқан жерлері мен шекаралары өзгертілетін № 68, № 172, № 213, № 214, № 221, № 235, № 236, № 262, № 284, № 294, № 308 және № 324 сайлау учаскелері
№ 68 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Қазығұрт шағынауданы, Қ.Мәмешов көшесі, 58/1, Шымкент қаласының білім басқармасының «№ 49 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ ғимараты.