Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылыққа пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 60/03 Қаулысы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 60/02 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жобалау құжаттары және түзетулері негізінде белгіленсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылыққа пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары белгіленсін.
3. Осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Булекпаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті»
республикалық мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің
Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөніндегі
Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы»
республикалық мемлекеттік мекемесі
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрлігі