«Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1013 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жол жүрісі қағидаларында:
1-тармақтың үшінші, төртінші абзацтары 2025 ж. 5 сәуірінде қолданысқа енді
2-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) велосипед - екі немесе одан да көп дөнгелегі бар және үстінде отырған адамдардың дене күшімен, оның ішінде қозғалтқышты пайдалана отырып, қозғалысқа келтірілетін көлік құралы;»;
2-тармақтың 34) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«34) жүргізуші - көлік құралын басқаратын адам, жол бойымен малды, табынды, жүк артылған жегілген малды немесе мініс малын айдаушы. Білім беру процесі кезінде жүргізушіге оқыту шебері жүргізушіге теңестіріледі;»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 45-1) тармақшамен толықтырылсын:
«45-1) көлік құралының орташа жүру жылдамдығы - көлік құралы жүріп өткен халықаралық, республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдар учаскесінің ұзындығын осы қашықтықты жүріп өткен уақыт аралығына бөлу арқылы айқындалатын жылдамдық;»;