Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату ережесін және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 77 Қаулысы
(2021.24.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2022 жылғы 12 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.20.12. № 124 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.24.02. № 42 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020.20.12. № 124 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.24.02. № 42 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату ережесі және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар бекітілсін.