«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 1149 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
2) тармақшаның бесінші абзацы алып тасталсын;
49) тармақша алып тасталсын;
74) тармақша алып тасталсын;
98) тармақша алып тасталсын;
128) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 279-1) тармақшамен толықтырылсын:
«279-1) бүлінген және тозған жерлердің сапалық жай-күйін қалпына келтіру жөніндегі жобалау-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;»;
300-1), 300-2), 300-3), 300-4) және 300-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«300-1) бүлінген жерлерді рекультивациялау жобаларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
300-2) мемлекеттік жер кадастрын және жерге мониторинг жүргізудің дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
300-3) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап қоюды дайындайды және береді;
300-4) мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін анықтайды және алып қояды;
300-5) егер құрылыс, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, оларды тоқтата тұрады;»;
мынадай мазмұндағы 300-6) және 300-7) тармақшалармен толықтырылсын: