Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 121 Қаулысы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 44 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Н.К. Қойжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Е. Тоғжанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының
білім басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Н.К. Қойжанов
28 05 2018 ж.
2018 жылғы 28 мамырдағы
№ 121 қаулысына қосымша
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Маңғыстау облысы әкімдігі қаулыларының
тізбесі
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 332 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2884 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;