«Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 4 мамырдағы № 173 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармағының екінші, үшінші абзацтары 2026 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-4) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларында және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарда:
1-тармағының бесінші, алтыншы абзацтары 2026 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: