«Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді әуеде тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 371 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 402 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді әуеде тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 371 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15370 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерінде қауіпті жүктерді әуеде тасымалдау қағидаларында:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бекіту - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мыналарға беретін рұқсаттама:
Техникалық нұсқаулықтарда жолаушылар және (немесе) жүк әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған деп көрсетілген және ондай жүктер бекітуі бар болған жағдайда тасымалдануы мүмкін деген қауіпті жүктерді тасымалдауға;
Техникалық нұсқаулықтарда айтылған басқа мақсаттарда;
3) босату - Техникалық нұсқаулықтар ережелерінің қолданысынан босатуды көздейтін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым беретін бекітуден басқа рұқсаттама;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жолаушылар әуе кемесі - экипаж мүшесі, қызметтік міндеттерді орындау кезінде пайдаланушының қызметкері, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның (уәкілетті ұйымның) уәкілетті өкілі немесе жүк партиясын немесе басқа жүкті алып жүруші болып табылмайтын, кез келген адамды тасымалдауды жүзеге асыратын әуе кемесі;»;
48, 49 және 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: