«Электрондық геоботаникалық карталарды жасау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 189 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 183 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық геоботаникалық карталарды жасау жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 10 маусымдағы № 189 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28499 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электрондық геоботаникалық карталарды жасау жөніндегі әдістемеде:
2-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) географиялық цифрлық жүйе (бұдан әрі - ГЦЖ) - Жер туралы, жер бетінің объектілері, табиғи, техногендік және қоғамдық процестер туралы кеңістіктік ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, модельдеуді, сақтауды, таратуды және өзгеше пайдалануды қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;
2) географиялық цифрлық жүйенің дерекқоры (бұдан әрі - ГЦЖ дерекқоры) - нақты бір аумақты және онда орналасқан объектілерді сипаттайтын кеңістіктік және кестелік деректердің ұйымдастырылған жиынтығы;
3) графикалық қабат - географиялық ақпараттық жүйедегі картографиялық ақпарат;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Электрондық геоботаникалық карта ГЦЖ-да жасалады.
Электрондық геоботаникалық картаны жасау процесінде ГЦЖ дерекқоры қолданылады.
ГЦЖ дерекқоры ауылдық округтердің шекаралары туралы ақпаратты және табиғи азықтық алқаптар туралы деректерді (өсімдік жамылғысының құрылымы, типологиялық құрамы, алқаптар түрлерінің аумақтық орналасуы, ауданы, түсімділігі, азықтың сапасы, дақылдық-техникалық жай-күйі, табиғи азықтық алқаптарды заманауи қолдану, оларды ұтымды пайдалану және жақсарту) қамтиды.»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: