«Кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 343 және «Кепілдік беру туралы шарт жасасу үшін көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй кешені құрылысының жобасы бойынша құжаттарды қарау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 432 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 445 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 343 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14179 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанында:
21-тармақ мынадай мазмұндағы 9), 10), 11) тармақшалармен толықтырылсын: