(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БАЙЛАНЫС ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2004 ЖЫЛ...

Предыдущая страница

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды

1-3. Заңды күшіне енген сот шешімінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізу мақсатында байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысына, байланыс қызметтерін көрсетуге, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуге тыйым салынады.

2025.16.07. № 210-VIII ҚР Заңымен 1-6-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

1-6. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын пайдалануға тыйым салуды қамтамасыз ету мақсатында қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің уәкілетті органы ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларында белгіленген тәртіппен ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының жұмысын тоқтата тұру туралы орындалуы міндетті талапты сәйкестендіру кодтарының орталық дерекқорының операторына жібереді.

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары және (немесе) масс-медиа саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынуды алған кезден бастап бір сағат ішінде байланыс операторларына, онлайн-платформалардың меншік иелеріне және (немесе) заңды өкілдеріне және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке оны орындау бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама жібереді.

2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Байланыс операторлары, онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет:

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, масс-медиа саласындағы уәкілетті органнан және (немесе) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан осы баптың 1, 1-1 және 1-2-тармақтарында көрсетілген ұсынуды немесе шешімді орындау жөнінде шаралар қолдану туралы нұсқаманы алғаннан кейін оны байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұру жолымен екі сағаттан аспайтын уақыт ішінде орындауға міндетті;

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) байланыс желілерін және (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын, экстремистік және террористік әрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сонымен қатар белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын ақпарат тарату үшін пайдаланатын адамды анықтауда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жәрдем көрсетеді.

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды; 2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3-1. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мен Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары өз құзыреті шегінде осы баптың 1, 1-1 және 1-2-тармақтарында көрсетілген ақпаратты таратқан адамды анықтау және жауаптылыққа тарту бойынша жедел-іздестіру, қарсы барлау және қылмыстық-процестік шараларын қабылдайды.

Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратты таратқан адамның мекенжайына хабарламаны алған кезден бастап алты сағат ішінде оны жою бойынша шаралар қабылдау талап етілген хабарлама жібереді.

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Егер, байланыс желілерін және (немесе) құралдарын жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзатын, экстремистік және террористік әрекеттерді жүзеге асыруға, жаппай тәртіпсіздіктерге, сонымен қатар белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілетін бұқаралық (жария) іс-шараларға қатысуға шақыруды қамтитын, балаға қатысты кибербуллинг мақсатында ақпарат тарату үшін пайдаланған адам оны алып тастаған жағдайда, онда ол бұл туралы масс-медиа саласындағы уәкілетті органға хабарлама жібереді.

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны алғаннан және оның анықтығын тексергеннен кейін масс-медиа саласындағы уәкілетті орган байланыс операторларына және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелеріне және (немесе) заңды өкілдеріне және (немесе) мемлекеттік техникалық қызметке осы баптың 1-1 және 2-тармақтарында көрсетілген нұсқаманың күшін жою және масс-медиа саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау туралы тапсырма береді.

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Байланыс операторлары және (немесе) онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері және (немесе) мемлекеттік техникалық қызмет масс-медиа саласындағы уәкілетті органнан осы баптың 5-тармағында көрсетілген тапсырманы алғаннан кейін оны дереу орындауға міндетті.

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.03.05. № 118-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.19.06. № 94-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді

7. Масс-медиа саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, байланыс операторлары, онлайн-платформалардың меншік иелері және (немесе) заңды өкілдері және мемлекеттік техникалық қызмет байланыс желілерінің және (немесе) байланыс құралдарының жұмысын тоқтата тұрудың, сондай-ақ интернет-ресурстарға және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұрудың осы бапта айқындалған тәртібін орындамағандары үшін заңда белгіленген жауаптылықта болады.

 

42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі туралы

1. Осы Заң, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 26-бабының 3-тармағын, 5-тармағының 2) тармақшасын және 6-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

2. «Байланыс туралы» 1999 жылғы 18 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 12, 396-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 1-2, 10-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

 

Қазақстан Республикасының