«Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 25 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 199 бірлескен бұйрығы

Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 25 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 13 сәуірдегі № 199 бірлескен бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық даму

Министрінің міндетін атқарушы

 

 

К. Ускенбаев

 

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

 

Р. Даленов

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрінің

2020 жылғы 13 сәуірдегі

№ 199 және

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2020 жылғы 6 сәуірдегі

№ 25 бірлескен бұйрығына

қосымша

 

 

Күші жойылған кейбір бірлескен бұрықтардың тізбесі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.