«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне топырақты қорғау, жер қатынастары және агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 8 шілдедегі № 342-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Предыдущая страница

10-тармақ 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

10. «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын жəне «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1-баптың 4) тармақшасындағы «1-2-тармағында» деген сөздер «3-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын.

11. «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

1) 13-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

«цифрлық ауыл шаруашылығы карталарының деректері;»;

2) 16-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «мониторингілеу нəтижелері» деген сөздер «мониторингтеу нəтижелері, сондай-ақ цифрлық ауыл шаруашылығы карталарының деректері» деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап. Осы Заң, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының төртінші абзацын, 5), 6), 8), 9) тармақшаларын, 13) тармақшасының екінші, жетінші жəне сегізінші абзацтарын, 22) тармақшасының үшінші абзацын жəне 10-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 8 шілде

№ 342-VIII ҚРЗ