Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығы
(2026.15.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы бұйрыққа өзгеріс енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 145-НҚ бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2020.09.04. № 137 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.07.08. № 249 бұйрығымен (2023 ж. 17 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023.07.08. № 249 бұйрығымен (2023 ж. 17 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.04. № 98 бұйрығымен (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 81) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025.30.04. № 98 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;