«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 159 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12452 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі нысанында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылған.»;
8-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өтініш беруші – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын алу үшін уәкілетті ұйымға жүгінген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;»