ҚР Энергетика министрінің 2016.28.01. № 31 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.07.03. № 83 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 132 бұйрығына
6-қосымша
ҚР Энергетика министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 139 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Энергетика министрінің 2018.30.11. № 469 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутектер), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия»
мемлекеттік көрсетілетін қызметстандарты
(2019.18.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Энергетика министрінің 2018.30.11. № 469 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Көмірсутектер саласындағы тау-кен өндірістерін (көмірсутек), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануға лицензия» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ҚР Энергетика министрінің 2018.30.11. № 469 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы жүгінген кезде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап көрсету мерзімі:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;