«Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауды ұсыну, бақылау, мониторингтеу және оның тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 21 қарашадағы № 551-НҚ бұйрығы (2026.11.01. берілген өзгерістермен)

Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауды ұсыну, бақылау, мониторингтеу және оның тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 21 қарашадағы № 551-НҚ бұйрығы

(2026.11.01. берілген өзгерістермен)

 

«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 14) тармақшасына, 51-бабының 2 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторын қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын өткізуге арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялауды ұсыну, бақылау, мониторингтеу және оның тиімділігін бағалау қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Бәсекелестікті қорғау

және дамыту агенттігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.