Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы
Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 170/21-VI шешімі
Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 341/42-VI шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру тізбесі бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Астана қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы |
М. Тулеутаев |
| Астана қаласы мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы |
С. Жүнісов |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Астана қаласының
Денсаулық сақтау баскармасы»
мемлекеттік мекемесі (ДСБ)
басшысының міндетін атқарушы
К. Надыров
2017 жылғы 20 шілдедегі
№ 170/21-VI шешіміне
1-қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды,
бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру
тізбесі
| Р/с№ | Ауру | Халық санаты | Дәрілік заттарды тағайындау үшін көрсеткіш (дәрежесі, сатысы, ауыр) | Арнайы емдеу өнімдерінің дәрілік заттардың атауы (шығару нысаны) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Муковисцидоз | Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары | Барлық сатылар және ауырлық дәрежесі | Тобрамицин, ұнтақ, ингаляцияға арналған ерітінді |
| Колиместаты натрий, ингаляцияға арналған ұнтақ | ||||
| Урсодезоксихолінді қышқыл, капсула | ||||
| Бейімделген емдік өнімдер |