«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 60 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 387 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қалалық, аудандық (қалалардағы аудандық) төтенше жағдайлар басқармалары мен бөлімдері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 60 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін қылмыстық-процестік заңнамамен белгіленген құзыреті шегінде анықтауды жүзеге асыру.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 27-1) және 27-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«27-1) қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін белгіленген құзыреті шегінде қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыру;
27-2) құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың бөлімшелерімен, сонымен қоса басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) сотқа дейінгі іс жүргізу жөніндегі міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін мамандандырылған есепке алуды, ақпараттық жүйелерді пайдалану;
3-2) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары үшін қылмыстық-процестік заңнамада белгіленген құзыреті шегінде жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды немесе хабарларды қабылдау, тіркеу және қарау;»;
16-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын: