(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ПАЙДАЛЫ МОДЕЛЬГЕ ПАТЕНТ БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ СТ...

Осы редакция 2016 жылғы 31 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 251 бұйрығына

7-қосымша

 

 

«Пайдалы модельге патент беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

 

 

Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Пайдалы модельге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:

1) көрсетілет қызметті берушінің кеңсесі;

2) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - сараптама ұйымы);

3) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) және сараптама ұйымының www.kazpatent.kz ресми сайты арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап - 12 (он екі) ай өткеннен кейін:

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 10 (он) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 10 (он) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - пайдалы модельге патент не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық, қағаз түрінде.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.