«Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 162-НҚ бұйрығы

 «Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 162-НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 72 бұйрығына өзгерістер (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32044 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждау үшін іріктеу қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Дубляжға арналған фильмдерді таңдау келесі кезеңдерден тұрады:

1) Орталықтың өтініш берушілерден өтінімдер қабылдауы;

2) Орталықтың өтінімдерді осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкестігін қарауы.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Орталық өтінімді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған дубляжға арналған фильмдердің құжаттар мен материалдар пакетін Орталық жанындағы Сараптама кеңесінің (бұдан әрі - Сараптама кеңесі) қарауына енгізеді. Сараптама кеңесі ұсынылған өтінімдерді қарауға енгізілген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарайды.»;

8, 9 және 10-тармақтар алып тасталсын.

көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.