«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VІІ Заңы (2025.31.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

4. Сот осы Заңның 45-бабында көзделген мән-жайлар болған жағдайда, сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау және банкроттың сот арқылы банкроттық рәсімі барысында орындалмай қалған міндеттемелерін тоқтатудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

5. Сот осы Заңның 45-бабында көзделген мән-жайлар болмаған жағдайда, сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау және банкроттың сот арқылы банкроттық рәсімі барысында орындалмай қалған міндеттемелерін тоқтату туралы шешім қабылдайды.

6. Сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау және банкроттың сот арқылы банкроттық рәсімі барысында орындалмай қалған міндеттемелерін тоқтатудан бас тарту туралы шешімде:

1) қаржы басқарушысының қорытынды есебін бекіту;

2) сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау;

3) қаржы басқарушысының өкілеттіктерін тоқтату;

4) банкроттың сот арқылы банкроттық рәсімінің қорытындылары бойынша орындалмай қалған міндеттемелерін тоқтатудан бас тарту;

5) шешім шығарылған күнге қанағаттандырылмай қалған кредиторлар талаптарының сомасы;

6) банкротқа бес жыл бойы қарыз (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа) беруге тыйым салу, сондай-ақ одан банктік қарыз және микрокредит беру шарттары бойынша кепіл, кепілдік және кепілгерлік түрінде қамтамасыз етуді қабылдаудан бас тарту;

7) осы баптың 2-тармағында көзделген өтінішхатта көрсетілген сомаларды төлеу;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8) уәкілетті органға «электрондық үкімет» веб-порталында сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау және борышкердің міндеттемелерін тоқтатудан бас тарту туралы хабарландыру орналастыруды тапсыру;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

9) банкроттың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына салынған тыйымды алып тастау туралы нұсқаулар қамтылады.

7. Сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау және банкроттың сот арқылы банкроттық рәсімі барысында орындалмай қалған міндеттемелерін тоқтату туралы шешімде:

1) қаржы басқарушысының қорытынды есебін бекіту;

2) сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау;

3) қаржы басқарушысының өкілеттіктерін тоқтату;

4) осы Заңның 46-бабында көрсетілген міндеттемелерді қоспағанда, банкроттың сот арқылы банкроттық рәсімінің қорытындылары бойынша орындалмай қалған міндеттемелерін тоқтату;

5) бес жыл бойы қарыздар (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа) алу, кепілдіктер мен кепілгерліктер беру жөнінде мәмілелер жасасуға тыйым салу;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) осы баптың 2-тармағында көзделген өтінішхатта көрсетілген сомаларды төлеу;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7) банкроттың Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығуына салынған тыйымды алып тастау туралы нұсқаулар қамтылады.

 

45-бап. Банкроттың міндеттемелерін тоқтатудан бас тартуға негіз болып табылатын мән-жайлар

Банкроттың міндеттемелері мынадай мән-жайлардың бірі немесе бірнешеуі болса:

1) борышкер жалған ақпарат берсе және (немесе) өзінің қаржылық жағдайы, мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты, оның ішінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану туралы арыз берген кезде жасырса;

2) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдері барысында борышкер мүлікті, оның бір бөлігін және (немесе) ол туралы ақпаратты жасырса не қаржы басқарушысына, сотқа немесе уәкілетті органға өзінің қаржылық жағдайы, мүлкі мен міндеттемелері туралы мәліметтер алуда кедергі жасаса және (немесе) қаржы басқарушысының заңды талаптарын орындамаса және (немесе) оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына өзге де түрде кедергі жасаса;

3) борышкер берешектің мөлшерін ұлғайтса немесе өзінің қаржылық жағдайын, оның ішінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдері барысында мүлікті иеліктен шығару, өзіне жаңа міндеттемелер қабылдау жолымен кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіре отырып нашарлатса;

4) борышкер банкроттық туралы іс қозғалғанға дейін үш жыл бойы активтерді кредиторларға залал келтіре отырып азайтса;

5) борышкер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдері барысында, сондай-ақ төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану туралы іс қозғалғанға дейін үш жыл бойы бір кредиторға басқалардың алдында негізсіз артықшылық көрсетсе немесе кредиторларға залал келтіретін өзге де әрекеттерді жасаса;

6) борышкер әдейі банкроттыққа кінәлі деп танылса;

7) борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдеріне бастамашылық жасау жөніндегі немесе оны жүргізу барысындағы әрекеттерін (әрекетсіздігін) кредиторлар алдындағы жауапкершіліктен жалтару тәсілі ретінде бағалауға мүмкіндік беретін, соттың қалауы бойынша өзге де мән-жайлар болса, тоқтатылмайды.

 

46-бап. Банкроттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдері аяқталғаннан кейін тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелері

Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алименттерді алуға құқығы бар адамдарға оларды төлеу;

2) адамның өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу;

3) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туындайтын талаптар;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залалды өтеу, сондай-ақ сот шешімі бойынша өндіріп алынатын бюджетке түсімдер;

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жəне (немесе) сот арқылы банкроттық рəсімін жүргізген қаржы басқарушысының толық көлемде немесе оның бір бөлігінде төлемі болмаған жағдайда оның сыйақысы банкроттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жəне сот арқылы банкроттық рəсімдері аяқталғаннан кейін тоқтатылуға жатпайтын міндеттемелері болып табылады.

 

47-бап. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдері қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін уәкілетті органның интернет-ресурсында және «электрондық үкімет» веб-порталында орналастыру

1. Уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында және «электрондық үкімет» веб-порталында:

1) өздеріне қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі қолданылған, тоқтатылған және аяқталған азаматтардың тізімін;

2) өздеріне қатысты соттардың тиісті ұйғарымдары мен шешімдері заңды күшіне енген азаматтардың тізімін орналастырады.

Соттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешімінің күші жойылған жағдайларда, азамат тізімнен шығарылады.

2. Осы бапта көзделген азаматтардың тізімі ай сайын, өткен айдан кейінгі айдың 20-ынан кешіктірілмей жаңартылады.

 

48-бап. Қаржылық жағдайға мониторинг жүргізу

1. Уәкілетті орган соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді.

Бұл ретте қаржылық жағдай мониторингінің шеңберінде борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтаруы мақсатында жеке мүдделері үшін жасаған әрекеттеріне тексеру жүзеге асырылады, оның нәтижелері рәсімді тоқтатуға немесе банкроттың міндеттемелерін тоқтату дан бас тартуға негіз болуы мүмкін.

2. Борышкер банкрот деп танылғаннан кейін үш жыл бойы уәкілетті орган банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізеді.

Банкроттың қаржылық жағдайына мониторингті кредиторлар да жүргізуге құқылы.

Банкроттың мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алу фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган кредиторларға банкроттың қаржылық жағдайына мониторингтің нәтижелерін жібереді.

Кредиторлар уәкілетті органнан ақпаратты алған кезде сотқа борышкерді банкрот деп танудың күшін жою және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес банкроттық рәсімін қайта бастау туралы жүгінуге құқылы.

2024.19.06. № 97-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3. Осы бапта көрсетілген қаржылық жағдайға мониторинг осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген негіздер бойынша соттан тыс банкроттық рəсімін қолданған Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты жүргізілмейді.

 

 

4-тарау. БІТІМГЕРШІЛІК КЕЛІСІМ

 

49-бап. Бітімгершілік келісім жасасу шарттары

1. Сот арқылы банкроттық рәсімін жүргізудің кез келген сатысында борышкер мен кредиторлар бітімгершілік келісім жасасуға құқылы.

2. Бітімгершілік келісімде көзделген құқықтар мен міндеттерді өзіне қабылдайтын үшінші тұлғалардың бітімгершілік келісімге қатысуына жол беріледі.

3. Бітімгершілік келісімді сот бекітеді.

Сот бітімгершілік келісімді бекіту кезінде бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарым шығарады, онда сот арқылы банкроттық рәсімінің тоқтатылатыны және борышкерге қатысты сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешімнің орындалуға жатпайтыны көрсетіледі.

4. Бітімгершілік келісім соттың оны бекіту туралы ұйғарымы күшіне енген күннен бастап күшіне енеді және борышкер, кредиторлар және бітімгершілік келісімге қатысатын үшінші тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

5. Күшіне енген бітімгершілік келісімді орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.

6. Сот бітімгершілік келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда, бітімгершілік келісім жасалмаған деп есептеледі.

Соттың бітімгершілік келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығаруы жаңа бітімгершілік келісімді жасасуға кедергі болмайды.

7. Борышкер және (немесе) кредиторлар және (немесе) үшінші тұлғалар бітімгершілік келісімнің шарттарын орындамаған жағдайда, бітімгершілік келісім сот шешімі бойынша бұзылуы мүмкін.

8. Соттың бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарымына, сол сияқты соттың бітімгершілік келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарымына Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы (наразылық келтірілуі) мүмкін.

9. Соттың бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарымының күшін жою сот арқылы банкроттық рәсімін қайта бастауға негіз болып табылады.

Соттың бітімгершілік келісімді бекіту немесе бітімгершілік келісімді бұзу туралы ұйғарымының күшін жою туралы шешім қабылдаған сот соттың актісінде сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану (қайта бастау) жөнінде іс қозғау туралы көрсетуге міндетті.

10. Соттың бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарымының күші жойылған немесе бітімгершілік келісім бұзылған және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалған жағдайда, өздеріне қатысты бітімгер шілік келісім жасалған кредиторлар талаптарының көлемі бітімгершілік келісімде белгіленген шарттар ескеріле отырып айқындалады.

 

50-бап. Бітімгершілік келісімнің мазмұны

1. Бітімгершілік келісім, оның ішінде:

1) борышкердің міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру және (немесе) бөліп төлеу;

2) борышкердің талап ету құқықтарын басқаға беру;

3) борышкердің міндеттемелерін үшінші тұлғалардың орындауы;

4) борышты аудару;

5) кредиторлардың талаптарын Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қанағаттандыру шарттарымен жасалуы мүмкін.

2. Бітімгершілік келісімде борышкер міндеттемелерінің мөлшері, оларды орындау тәртібі мен мерзімдері және (немесе) оның міндеттемелерін тоқтату туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

3. Бітімгершілік келісімге борышкер мен кредитор (кредиторлар) қол қояды.

Егер бітімгершілік келісімге үшінші тұлғалар қатысатын болса, бітімгершілік келісімге осы тұлғалар немесе олардың уәкілетті өкілдері де қол қояды.

4. Бітімгершілік келісімде борышкердің барлық кредитор алдындағы міндеттемелерін орындау тәртібі мен мерзімдері туралы ережелер қамтылуға тиіс.

 

51-бап. Бітімгершілік келісімді бекітудің салдары

1. Бітімгершілік келісімді бекіту сот арқылы банкроттық рәсімін тоқтатуға негіз болып табылады.

2. Соттың бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап қаржы басқарушының өкілеттіктері тоқтатылады.

3. Соттың бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап:

1) борышкер және (немесе) үшінші тұлғалар бітімгершілік келісімнің шарттарына сәйкес кредиторлар алдындағы берешекті өтеуге кіріседі;

2) осы Заңның 22-бабына сәйкес борышкерге қолданылған салдар тоқтатылады.

 

 

5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

52-бап. Осы заңды бұзғаны үшін жауаптылық

Осы Заңды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

 

53-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 9-баптың 7) және 8) тармақшаларын және 15-баптың 1, 2, 4 және 5-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

            Президенті

 

   Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 30 желтоқсан

             № 178-VІІ ҚРЗ