«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 175 қаулысына 4-қосымша) (күші жойылды)

Жамбыл облысы әкімдігінің

2019 жылғы 22 тамыздағы

№ 175 қаулысына 4-қосымша

 

Жамбыл облысы әкімдігінің 2021 жылғы 5 ақпандағы № 36 Қаулысымен күші жойылды

 

«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Жамбыл облысының денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі - қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

2) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - стандарттың 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат түріндегі нысанда диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы анықтама.

Анықтама «Наркологиялық науқастардың тіркелімі» деректер базасында тексеруден кейін беріледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

 бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме болып стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттары (бұдан әрі - құжаттар) болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.