Атом энергиясын пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде қолданылатын құжаттар мен актілердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 27 қазандағы № 127-н/қ бұйрығы
«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-2-бабының 4-тармағына, 7-4-бабының 3-тармағына, 7-7-бабының 13, 18 және 23-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тексерулердің жылдық тізімінің;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тексеруді тағайындау туралы актінің;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы актінің;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тексеруді ұзарту туралы актінің;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес тексеруді тоқтата тұру туралы актінің;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес тексеруді қайта бастау туралы актінің;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жұмыстан тыс уақытта тексеру жүргізу туралы бұйрықтың нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.