ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Мемлекеттік қызметтегі кадрлық процестерді одан әрі бюрократиядан арылту мақсатында «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығымен айқындалған қағидаттарға сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарылқтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 17 қазан
№ 1531
Президентінің
2026 жылғы 17 қазандағы
№ 1531 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «талаптарды;» деген сөз «талаптарды қамтиды.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;
5-тарау алып тасталсын.
2. «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: