«Астана қаласының әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесін бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы № 27/4-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 297/37-VII шешімі
Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 185/23-VIII шешімімен күші жойылды
Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Астана қаласының әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесін бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы № 27/4-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 728 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімге қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 297/37-VII Маслихат
шешіміне қосымша
Астана қаласы мәслихатының
2012 жылғы 6 маусымдағы
№ 27/4-V шешіміне
Қосымша
Астана қаласының жолаушыларды тасымалдаудың әлеуметтік маңызы бар қатынастарының
тізбесі