«Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 212 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Атырау облыстық әкімиятының 2008 жылы 14 сәуірдегі № 103 «Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының мәселелері» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ алынып тасталсын.
3. Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 209 «Кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
2 және 6-тармақтар алынып тасталсын.
4. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Атырау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
5. «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетешілік ететін орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | С. Шәпкенов |
Атырау облысы
әкімдігінің 2023 жылғы
«31» қазандағы № 212
қаулысына 1-қосымша
Атырау облысы
әкімдігінің 2023 жылғы
«31» қазандағы № 212
қаулысымен бекітілген
«Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) ауыл шаруашылығы, ветеринария жер жер қатынастары салаларындағы мемлекеттік орган болып табылады.