ҚР СТ 2.291-2013 (NEQ)
Әртүрлі орындаулардағы салмақ өлшегіштер
Түтік-піспекті салыстырып тексеру қондырғысының және ағынды тығыздық түрлендіргішінің
жинағымен пайдалану орнында салыстырып тексеру әдістемесі
Мазмұны
4. Белгіленулер мен қысқартулар
5. Салыстырып тексеру құралдары
7. Салыстырып тексерушілер біліктілігіне қойылатын талаптар
9. Салыстырып тексеру шарттары
10. Салыстырып тексеруге дайындық
11. Салыстырып тексеру жүргізу
12. Салыстырып тескеру нәтижелерін рәсімдеу
А қосымшасы (міндетті) Салыстырып тексеру хаттамасының нысаны
Осы стандарт ҚР СТ 2.62 «Мұнай мөлшерін өлшеу және сапа көрсеткіштерінің жүйелері. Жалпы талаптар» сәйкес негізгі салыстырмалы қателігінің шегі ± 0,25% артық емес, шығын бергіші мен электрондық түрлендіргіштен тұратын әртүрлі орындаулардағы салмақ өлшегіштерге (бұдан әрі - салмақ өлшегіштер) таралады және олардың бастапқы және кезеңді салыстырып тексеру әдістемесін белгілейді.
Осы стандарт мемлекеттік метрология қызметі, мемлекеттік басқару органдары, өз қызметін өлшем бірлікті қамтамасыз ету саласында іске асыратын жеке және заңды тұлғалардың қолдануына арналған.
Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:
ҚР СТ 2.1-2009 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Терминдер мен анықтамалар.
ҚР СТ 2.30-2007 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшеу құралдарының метрологиялық аттестация жүргізу тәртібі.
ҚР СТ 2.62-2003 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Мұнай сапасының мөлшері мен көрсеткіштерін өлшеу жүйесі. Жалпы талаптар.
ҚР СТ 2.63-2003 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері. Әзірлеу, бекіту және қолдану тәртібі.
ҚР СТ 2.82-2004 Ақпараттық-өлшеу жүйелері. Метрологиялық аттестаттау тәртібі.