«2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 707 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2018 жылға мынадай:
1) кірістер - 8 651 742 646 мың теңге, оның ішінде мыналар бойынша:
салықтық түсімдер - 5 592 394 446 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 120 224 237 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 620 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 2 933 503 963 мың теңге;
2) шығындар - 9 353 497 730 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 129 691 956 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 250 268 731 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 120 576 775 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 51 806 107 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 51 806 107 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -883 253 147 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiміне қатысты 1,5 пайыз;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -4 330 528 103 мың теңге немесе елдің ішкі жалпы өнімінің 7,4 пайызы;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 883 253 147 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.»;
12), 16), 26-1) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бюджеттеріне арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу;»;