«Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 242 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 150 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 242 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 150 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 242 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесінде:

1 «Ағымдағы шығындар» деген санатында:

01 «Тауарлар мен қызметтерге шығындар» деген сыныбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1 «Тауарлар мен қызметтерге шығындар»»;

150 «Қызметтер мен жұмыстарды сатып алу» деген кіші сыныбында:

159 «Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу» деген ерекшелігі бойынша:

6 «Азаматтық-құқықтық мәмiленi мiндеттi тiркеудi талап ететiн шығыстардың түрлерi» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы ерекшелік бойынша 151, 152, 153, 154, 155, 156, 157 және 158 ерекшеліктерде көрсетілмейтін, заңды және жеке тұлғалар көрсететін қызметтерге, жұмыстарға ақы төлеу жөніндегі шығындар көрсетіледі, оның ішінде: ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды, көлік және басқа да негізгі құралдарды ұстау, қызмет көрсету жөніндегі қызметтер; республикалық немесе коммуналдық меншікте тұрған ғимараттар мен үй-жайларды, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз жүйесін ағымдағы жөндеу, сондай-ақ жабдықтарды, көлік және басқа негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.