«Сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа шығарылған мүлікке қатысты ақпаратты жария етуін қоса алғанда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 28 тамыздағы № 68 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 9 Қаулысы

«Сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа шығарылған мүлікке қатысты ақпаратты жария етуін қоса алғанда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 28 тамыздағы № 68 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 9 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа шығарылған мүлікке қатысты ақпаратты жария етуін қоса алғанда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 28 тамыздағы № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34995 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Сауда-саттыққа қатысушылардың сауда-саттыққа шығарылған мүлікке қатысты ақпаратты жария етуін қоса алғанда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңында сауда-саттықты өткізу қағидаларында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Сауда-саттықты өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылады:

1) сауда-саттықты өткізу әдісі;

2) Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-18-бабының 1-тармағында көзделген сатылатын объектінің түрі;

3) бастапқы баға және объектіні сауда-саттықта одан төмен сатылмайтын баға (бұдан әрі - резервтік баға);

4) сауда-саттықты өткізу күні мен уақыты (электрондық сауда алаңында орналастырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын белгіленеді);

5) объектіге қатысты сатушы ұсынатын құжаттардың тізбесі;

6) кепілдік жарнаны енгізу мөлшері, тәртібі және мерзімі, оператордың банктік деректемелері (банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.