(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИК...

Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 бұйрығы

 

Осы редакция 2017 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсетуі үшін материалдық-техникалық жарақтандыру, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бекітілген тізбені басшылыққа алсын.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.