(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАР ҚАТАРЫНДАҒ...

Ақтөбе қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 14 шешімі

 

Осы редакция 2025 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Ақтөбе қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға таралады.

 

 

Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы

А. Даржанова

 

Ақтөбе қалалық мәслихатының

2023 жылғы 24 сәуірдегі

№ 14 шешіміне қосымша

 

 

Ақтөбе қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу

тәртібі мен мөлшері

 

1. Осы Ақтөбе қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік - еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.