«Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 620 бұйрығына 2-қосымша) (2019.18.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.18.09. № 725 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2015 жылғы 28 мамырдағы

№ 620 бұйрығына

2-қосымша

 

 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № 567 бұйрығымен күші жойылды

 

«Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.18.09. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1.«Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша тарату қорын пайдалануға рұқсат (бұдан әрі-рұқсат) не «Көмірсутек шикізаты мен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығымен бекітілген «Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11606 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін усыну нысаны: электрондық түрде.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық

бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттері тәртібін сипаттау

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.