Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-2) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Философия» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Шетел тілі» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақ (орыс) тілі» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін әлеуметтік - саяси білім беру модулінің үлгілік оқу бағдарламасы;
7) осы бұйрыққа 7-ші қосымшаға сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Дене шынықтыру» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: